Мамырдың 10-на қараған түні ҚР ТЖМ құтқарушылары Шымбұлақ шыңына шығу барысында өзін жайсыз сезінген туристке көмекке келді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомстваның хабарлауынша, 9 мамырда 4 адамнан тұратын туристер тобы Шымбұлақ шыңына (3450 м) көтерілген. Жоғарғы жаққа шыққан соң қыздың халі нашарлап, ол өздігінен түсе алмаған.Көмек көрсету үшін оқиға орнына Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, оның ішінде кинологиялық есеп жіберілген.
Түнде РЖҚЖ құтқарушылары туристерге жетіп, екі қызға алғашқы көмек көрсеткен. Оларды РЖҚЖ көлігі тұрған жерге жеткізіп, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырды.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі