Алматыда метро жолаушысының сөмкесінен ойық ұңғылы қаруға арналған патрондар табылды. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полицияға сілтеме жасап.
Алматы қалалық полиция департаменті Instagram желісіндегі ресми парақшасында "Алатау" метро станциясында жолаушының сөмкесін тексеру кезінде табылған қауіпті зат туралы ақпарат таратты.
"Көлік қауіпсіздігі қызметімен бірлескен полицейлер рентген жабдығын қолдана отырып тексеру жүргізді. Жолаушының сөмкесінен 5,45 мм калибрлі екі патрон табылып, тәркіленді", – деді полиция департаменті өкілдері.
Ер адам ұсталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне тапсырылған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Источник: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы

