Общество

Қазақстандықтар дастарқан жаюға қанша қаражат жұмсайды

Наурыз мейрамы қарсаңында LS тілшісі бауырсақ пісіруге кететін шығынды есептеп көрді.

Қазақстанда биылғы ақпанда ұнның орташа бағасы өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 4,7%-ға өсіп, 1 келісі 416 теңгеге жетті.

Алматыда ұн ең жоғары бағамен – 487 теңгеден (+3,1%) сатылса, Ақтөбеде ең төменгі баға – 290 теңге (+8,2%). Елордада бұл өнімнің құны 479 теңгені (+7,6%) құрайды.

Майлылығы 3,2-4% сүттің бағасы бір жыл ішінде 4,5%-ға өсіп, Қазақстан бойынша орташа есеппен 512 теңгені құрады. Қонаевта оның құны 600 теңгеге жуық (+4%), Алматыда – 573 теңге (+8%), Астанада – 525 теңге (+11%).

Таразда сүт республика бойынша ең төмен бағамен – 315 теңгеден сатылады.

Күнбағыс майының да құны көтерілді: орташа есеппен 1 литрі 10,4%-ға қымбаттап, 783 теңгеге жетті. Ең жоғары баға Астанада – 852 теңге (+4%), ал ең төмені Қызылордада – 707 теңге (+8,9%). Алматыда бұл өнімнің құны 10,6%-ға өсіп, 822 теңгені құрады.

Сонымен қатар, басқа да азық-түлік өнімдерінің бағасы өсті: 1 кг тұз – орташа есеппен 76 теңге (+15,1%), қант – 393 теңге (+0,5%), ашытқы – 6 720 теңге (+4,7%).

Осылайша, бауырсаққа арналған 700 г қамырды дайындау қазақстандықтарға орта есеппен 780 теңгеге түседі.* Өңірлердегі баға айырмашылығына байланысты бұл сома 619-дан 894 теңгеге дейін өзгеруі мүмкін.

*Интернеттен алынған рецепт бойынша 700 г қамыр (шамамен 20 бауырсақ) дайындау үшін 500 г ұн, 250 мл сүт, 6 г құрғақ ашытқы, 1 ас қасық қант, 1 шай қасық тұз және 500 мл күнбағыс майы қажет.

TOP

Экономика

Tags