Қазақстандық азамат ұшақта 3600 долларынан айырылып қалды: ақша қонақүйден табылды (видео)

14.10.2026 15:06 · Человек и Закон

Қазақстандық азамат ұшақта 3600 долларынан айырылып қалды: ақша қонақүйден табылды (видео)

Астанада ұшақ салонында алдында отырған жолаушының 3600 долларын ұрлады деген күдікпен шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көліктегі ПД-ның мәліметінше, Астана әуежайында полиция қызметкерлеріне 41 жастағы елорда тұрғыны жүгінген.

Ол "Чунцин – Бейжің – Астана" бағыты бойынша транзиттік рейспен Астанаға ұшып келгеннен кейін 3600 АҚШ долларының (1,6 млн теңгеге жуық – ред. ескертпесі) жоғалғанын байқап, оқиғаның мән-жайын анықтауға көмек сұраған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көлік полицейлері күдіктіні ізін суытпай анықтап, ұстаған. Ол арызданушымен бір рейспен ұшып келген және оның артында отырған шетел азаматы болып шықты.

"Күдікті елорда қонақүйлерінің бірінде ұсталды. Тінту барысында одан түрлі валютадағы ақша қаражаты, оның ішінде ұрланған 3600 АҚШ доллары толық көлемде тәркіленді. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", – деп мәлім етті Көліктегі ПД.

Ұрланған 3600 АҚШ доллары заңды иесіне толық көлемде қайтарылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КӨЛІКТЕГІ ПД/ДП НА ТРАНСПОРТЕ (@koliktegi_pd)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Источник: Nur.kz · Гүлмира Ерубаева