Шымкент көшелерінің бірінде жеңіл көлік өртенді (видео)

08.10.2026 12:55 · Человек и Закон

Шымкент көшелерінің бірінде жеңіл көлік өртенді (видео)

Шымкентте көшелердің қиылысында жеңіл көлік өртенді. Өрт сөндірушілер жалынды тез арада сөндірді, деп хабарлайды қалалық ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шымкентте өрт сөндірушілер Рысқұлов пен Жолан батыр көшелерінің қиылысында өртенген көлікті сөндірді.

"Өрт сөндірушілер жалынды жедел сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр. ТЖМ көлік иелерін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады", – делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shymkent qalasynyń ТJD (@112shymkent)

Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда Астананың Сарайшық ауданындағы тұрғын үй кешенінің жанындағы автотұрақта тұрған бес жеңіл көлік өртенген еді.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына көліктердің біріндегі электр сымдарының тұйықталуы себеп болған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Источник: Nur.kz · Гүлмира Ерубаева