Ақмола облысындағы шахтадан екі адамның денесі табылды: қылмыстық істер қозғалды

15.10.2026 11:47 · Человек и Закон

Ақмола облысындағы шахтадан екі адамның денесі табылды: қылмыстық істер қозғалды

Ақмола облысындағы Бестөбе кентіндегі шахтадан ер адамның денесі, ал араға бір күн салып тағы бір мәйіт табылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

14 және 15 қазанда Бестөбе кентіндегі шахталардың бірінің аумағынан екі ер адамның денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, қайтыс болғандар нысан аумағына заңсыз кірген", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Адам мәйіттерінің табылу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Қазіргі уақытта оқиғалардың мән-жайын анықтау бойынша қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Источник: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы