Көкшетауда жұмысшы баспалдақ ойығынан құлап, ауыр жарақаттар алған. Бірақ бұл туралы еңбек инспекциясы білмеген. Ресми мекеме оқиға туралы хабарлама алмағанымен, жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Nayza Kokshe Instagram-паблигінің 2026 жылғы 11
қазандағы жазуынша, оқиға Васильков шағынауданында болған. Ер адам кемінде бес
метр биіктіктегі баспалдақтан құлап кеткен.
"Бұл жыл басынан бері қала нысандарында биіктіктен құлау бойынша тіркелген алғашқы жағдай емес. Жұмысшылардың қауіпсіздігін кім бақылайды және оған кім жауапты? Оларда каска, сақтандыру белдігі және басқа да қорғаныс құралдары бар ма?" – делінген жарияланымда.
Көкшетау қалалық полиция басқармасының мәліметінше,
аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып
жатыр.
Ал Ақмола облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы
департаменті жұмыс берушіден жазатайым оқиға туралы хабарлама түспегенін
мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Жұмыс беруші жазатайым оқиға туралы хабарламаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар жұмыс берушіге жазатайым оқиға туралы хабарлама беру жөнінде нұсқама орындатылатын болады", – деп толықтырды еңбек инспекциясы.
Бір ай бұрын да осындай оқиға тіркелген еді. 2026
жылғы 8 қыркүйекте Көкшетаудағы құрылыс нысандарының бірінде 19 жастағы жұмысшы
тоғызыншы қабаттан құлап кеткен.
Источник: Zakon.kz · Гүлай Ашекова

