Қызылорда облысындағы көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, Қызылорда қаласындағы Жаспасбай батыр көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан.
Өрт сөндіру барысында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, көрші пәтерлерден үш адамды, оның ішінде екі баланы эвакуациялады.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалын толықтай сөндірілді. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, қосулы тұрған электр құрылғыларын қараусыз қалдырмауды, электр сымдарының жарамдылығын қадағалауды және өрттің алғашқы белгілерін елеусіз қалдырмауды сұрайды. Өрт анықталған жағдайда дереу 112 нөміріне қоңырау шалу қажет", – деді ведомстводағылар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Источник: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы

